0
М. Таенов атындағы орта мектебінде 1-10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, ата-аналардың қатысуымен мектеп ауласына әр түрлі мүсіндер жасалды.Олардың көпшілігі ертегі кейіпкерлерін, жануарларды бейнелесе, енді біреулері сол мүсінді жасаушылардың өз қиялдарынан туған туынды. Қалай болғанда да, осынау өнер туындыларының мектеп ауласына сән беріп, әсіресе, кішкентай бүлдіршіндердің көзайымына айналды . Мүсіндерді тұрғызуға, әсемдеп сырлауға әр сыныптың ата-аналары белсене қатысты.