0
М. Таенов атындағы орта мектебінде сенбілік өтілді. Сенбілікке 5-10 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері және мектеп жұмысшылары қатысты. Онда оқушылар өздеріне бөлінген жерді тазалап, әр сынып оқушылары өздеріне жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқарды. Еңбекке деген сүйіспеншіліктері артып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бірлесе, ұжыммен қызу жұмыс жүргізді. Мектеп ауласындағы ағаштар әктелді. жапырақтар мен қоқыстар жиналды. Жұмыс барысы басынан бастап аяғына дейін музыкамен болды.