Ауған асуында от кешкендер

Автор: admin от 19-04-2017, 05:50, посмотрело: 2284

52 Ауған асуында от кешкендер
 
М.Таенов атындағы орта мектебінде  « Ауған асуында от кешкендер»  атты іс-шара  өткізді.Шараға мектеп ұстаздары,1-10 сынып оқушылары қатысты. Іс шараның мақсаты оқушыларды өз Отанына шексіз берілген , патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге тәрбиелеу.
 Еліміздің әнұраны орындалып,  ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жарияланды. Мектеп кітапханашысы Жолдыбаева Алия Сағатқызы  Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің өмірбаяндарымен таныстырып, слайд арқылы көрсетті.Алғашқы әскери мұғалімі Болатқан Гүлжанат ауған соғысы жайлы оқушыларға мағлумат берді.
 Ерін елемеген, қартына қарамаған елдің болашағы жарқын болуы мүмкін емес. Сондықтанда ерлеріміздің ерліктері мәңгі еліміздің жадында қалуға тиісті.

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
— дегендей, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл 28 жыл өтсе де , сол кездегі жауынгерлер ,бүгінгі бейбіт күннің еңбеккерлері жан жарасынан айыға алмай келеді. Осы жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, құрметтеу біздің борышымыз.
 

Категория: Мероприятия и праздники

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед