46
«Біз бір-бірімізге ұқсамаймыз, алайда біз біргеміз» тренинг-сабақ
Мақсаты: Оқушыларды «толерантылық» түсінігімен және толерантты адамның негізгі қасиеттерімен таныстыру, өзге адамдарға деген сыйластық қатынасты қалыптастырып, әр адамның ерекшеліктері мен даралығын мойындай білуге баулу.
1. «Толеранттылық» түсінігін талқылау:
- Балалар, қалай түсінесіңдер, толеранттылық дегеніміз не?
(Балалардың жауаптары)
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – СЫЙЛАСТЫҚ, АДАМДАРДЫ ОЛАР ӨЗІМІЗГЕ ҚАЛАЙ ҰҚСАС БОЛМАСА ДА ҚАБЫЛДАЙ БІЛУ.
Адамдар әртүрлі, осыны түсініп, қабылдай білу керек.
Адам басқалардан ӨЗГЕШЕ болуға хұқылы!
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ - бұл әлемнің алуан түрлілігін сыйлау, қабылдау және түсіну.
Толеранттылық тарихы
18-19 ғасырлар тоғысында Францияда Талейран Перигор деген князь өмір сүріпті. Ол бірнеше үкімет кезінде сыртқы істер министрі болып қала берген екен. Оның ерекше дарыны – маңайындағы адамдардың көңіл-күйін ескере алуында, оларды сыйлап, кез-келген күрделі жағдайдан шығудың барлығы үшін қолайлы болатындай, тиімді жолын таба білуінде еді.
- Келісе білуді үйреніңдер! Толерантты болыңдар!
2. «Біздің ұқсастықтарымыз» жаттығуы.
Бір қатысушы тақтаның алдына шығады да, қандай да бір өзіне ұқсастығы бар біреуді шақырада. Келген қатысушы келесі бір ұқсастық бойынша басқа баланы шақырады, сөйтіп барлығы шыққанша жалғасады.
3. «Қайырымды жануар» жаттығуы
Оқушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады. Психолог: балалар біз барлығымыз үлкен қайырымды жануармыз, сондықтан біз бірқалыпты дем алуымыз керек. Ол үшін белгі бойынша алға қарай бір қадам жасаймыз да, сол сәтте терең дем аламыз. Қайта артқа шегінген кезде демімізді шығарамыз. Сосын екі, үш қадам жасаймыз.
4. «Судағы бейне» жаттығуы
Бір адам жағада тұрған адамның, екінші адам оның судағы бейнесінің рөлін атқарады. Ол екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрып алып, психологтың нұсқауын орындайды:
• Адам түрін бұзады;
• Адам таяқпен ұрғалы тұр;
• Адам судағы бейнесіне мейірімді күлкі сыйлайды;
Талқылау:
• Қарсы тұрған адам саған түрін бұзғанда (саған таяқ көтергенде, мейірімді күлгенде) өзіңді қалай сезіндің;
• Саған не істеген көбірек ұнады: түріңді бұзған, таяқпен ұрмақшы болған, күлген.
• Қалай ойлайсыңдар сендердің барлығың менің тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар ма, суда бәрі де айнадағы сияқты көрінеді ғой;
• Біздің зұлым түріміз өзге адамдарды ғана емес, өзімізді де шошытары анық;
• Өзгеге таяқ көтеру арқылы біз өзімізге таяқ көтереміз, өзгеге күлкі сыйлау арқылы біз өзімізге күлкі сыйлаймыз.
5. «Атомдар мен молекулалар» ойыны
Қатысушылар бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүреді. Белгі бойынша олар саны жағынан әртүрлі топтарға бірігулері керек. Әуелі 3-тен, сосын қайта тарайды да, кейін 4,5, 6-дан және т. с.с. бірігеді.
Работа в группах
6. Толерантты тұлғаға тән қасиеттер
Қатысушылар үш топқа бөлініп толерантты тұлғаға тән қасиеттерді және интолерантты тұлғаға тән қасиеттердің тізімін жасады. Бұдан кейін «Сыйқырлы сөре» жаттығуы өткізіліп қатысушылар өзіне қажет қасиетті айтып оның орнына өзінде артық қасиетті берді.
7. Ситуациялық сұрақтар
Ал қазір біз кейбір жағдайлардан шығудың жолдарын іздейміз. Психолог жағдайлары бар сұрақтар береді, балалар оны оқып, сұрақтарға жауап береді: Түрлі жағдайларда сендер өздеріңді қалай ұстайтын едіңдер.
Жағдайлар.
1. Сыныпқа жаңа оқушы келеді. Алғашқы екі күннің өзінде ақ ол үш «2» алып үлгереді. Балалардың кейбіреуі оны «дымбілмес, онымен дос болмаймыз» дейді!» Сен не істейсің?
2. Сенің сыныптас досың демалыс күндерге сенен дәптеріңді алды да, оны былғап тастады. Мұғалім дүйсенбі күні дәптер тексермек болды. Оқиғаның ары қарайғы желісін елестетіп көріңдер. Сен өзіңді қалай ұстайсың? Сенің досың? Мұғалім?
3. Сенің ата-анаң саған бір баламен араласуға тыйым салды, өйткені оның отбасы кедей тұратын. Сен өзіңнің досыңды қорғап бірдеңе айтасың ба, әлде ата-анаңның пікірімен келісесің бе?
4. Бір сыныптасың сенің бір ойыныңды (кітабыңды) уақытша алды да, бір ай бойы қайтармай жүріп алды. Оған бұл жайлы ескерту қажет пе, әлде үндемей қойған дұрыс па?
8. «Бес қайырымды сөз» жаттығуы
Қатысушылар өздеріне берілген қағаз бетіне бес саусағын бастырады да, ортасына өз аттарын жазады. Сосын оны әр топ өз ішінде оң жаққа қарай жылжытады. Алдына келген қағазға әркім оның иесіне арнап бір қайырымды сөз жазады. Сөйтіп ойын қағаз өз иесіне келгенше жалғасады. Қалаулары бойынша жазылған сөздерді оқуға болады.
9. «Мен өзімді ... үшін жақсы көремін» жаттығуы.
Әр топтан қалаған оқушылар тұрып өзін енүшін жақсы көретіні туралы айтады.
10. Кері байланыс.




