Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Ұлттар достығы" атты мерекелік шара

Автор: admin от 29-04-2017, 04:55, посмотрело: 1210

40 М. Таенов атындағы орта мектебінде 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 1-10 сынып оқушылары арасында «Ұлттар достығы» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты оқушыларға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін оқушылардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушылар өздеріне берілген ұлттың киімін киіп, әр ұлттың салт-дәстүрлерін,ұлттық тағамдарын таныстырды.Мерекелік шараға ата-аналар белсене қатысып, атсалысты.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

Категория: ---

 

Мүсін жасау

Автор: admin от 28-04-2017, 05:38, посмотрело: 612

0 М. Таенов атындағы орта мектебінде 1-10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, ата-аналардың қатысуымен мектеп ауласына әр түрлі мүсіндер жасалды.Олардың көпшілігі ертегі кейіпкерлерін, жануарларды бейнелесе, енді біреулері сол мүсінді жасаушылардың өз қиялдарынан туған туынды. Қалай болғанда да, осынау өнер туындыларының мектеп ауласына сән беріп, әсіресе, кішкентай бүлдіршіндердің көзайымына айналды . Мүсіндерді тұрғызуға, әсемдеп сырлауға әр сыныптың ата-аналары белсене қатысты.

Категория: ---

 

Сенбілік

Автор: admin от 28-04-2017, 01:53, посмотрело: 441

0 М. Таенов атындағы орта мектебінде сенбілік өтілді. Сенбілікке 5-10 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері және мектеп жұмысшылары қатысты. Онда оқушылар өздеріне бөлінген жерді тазалап, әр сынып оқушылары өздеріне жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқарды. Еңбекке деген сүйіспеншіліктері артып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бірлесе, ұжыммен қызу жұмыс жүргізді. Мектеп ауласындағы ағаштар әктелді. жапырақтар мен қоқыстар жиналды. Жұмыс барысы басынан бастап аяғына дейін музыкамен болды.

Категория: ---

 

«Біз бір-бірімізге ұқсамаймыз, алайда біз біргеміз» тренинг-сабақ

Автор: admin от 19-04-2017, 06:47, посмотрело: 2166

46
«Біз бір-бірімізге ұқсамаймыз, алайда біз біргеміз» тренинг-сабақ
Мақсаты: Оқушыларды «толерантылық» түсінігімен және толерантты адамның негізгі қасиеттерімен таныстыру, өзге адамдарға деген сыйластық қатынасты қалыптастырып, әр адамның ерекшеліктері мен даралығын мойындай білуге баулу.
1. «Толеранттылық» түсінігін талқылау:
- Балалар, қалай түсінесіңдер, толеранттылық дегеніміз не?
(Балалардың жауаптары)
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – СЫЙЛАСТЫҚ, АДАМДАРДЫ ОЛАР ӨЗІМІЗГЕ ҚАЛАЙ ҰҚСАС БОЛМАСА ДА ҚАБЫЛДАЙ БІЛУ.
Адамдар әртүрлі, осыны түсініп, қабылдай білу керек.
Адам басқалардан ӨЗГЕШЕ болуға хұқылы!
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ - бұл әлемнің алуан түрлілігін сыйлау, қабылдау және түсіну.
Толеранттылық тарихы
18-19 ғасырлар тоғысында Францияда Талейран Перигор деген князь өмір сүріпті. Ол бірнеше үкімет кезінде сыртқы істер министрі болып қала берген екен. Оның ерекше дарыны – маңайындағы адамдардың көңіл-күйін ескере алуында, оларды сыйлап, кез-келген күрделі жағдайдан шығудың барлығы үшін қолайлы болатындай, тиімді жолын таба білуінде еді.
- Келісе білуді үйреніңдер! Толерантты болыңдар!
2. «Біздің ұқсастықтарымыз» жаттығуы.
Бір қатысушы тақтаның алдына шығады да, қандай да бір өзіне ұқсастығы бар біреуді шақырада. Келген қатысушы келесі бір ұқсастық бойынша басқа баланы шақырады, сөйтіп барлығы шыққанша жалғасады.
3. «Қайырымды жануар» жаттығуы
Оқушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады. Психолог: балалар біз барлығымыз үлкен қайырымды жануармыз, сондықтан біз бірқалыпты дем алуымыз керек. Ол үшін белгі бойынша алға қарай бір қадам жасаймыз да, сол сәтте терең дем аламыз. Қайта артқа шегінген кезде демімізді шығарамыз. Сосын екі, үш қадам жасаймыз.
4. «Судағы бейне» жаттығуы
Бір адам жағада тұрған адамның, екінші адам оның судағы бейнесінің рөлін атқарады. Ол екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрып алып, психологтың нұсқауын орындайды:
• Адам түрін бұзады;
• Адам таяқпен ұрғалы тұр;
• Адам судағы бейнесіне мейірімді күлкі сыйлайды;
Талқылау:
• Қарсы тұрған адам саған түрін бұзғанда (саған таяқ көтергенде, мейірімді күлгенде) өзіңді қалай сезіндің;
• Саған не істеген көбірек ұнады: түріңді бұзған, таяқпен ұрмақшы болған, күлген.
• Қалай ойлайсыңдар сендердің барлығың менің тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар ма, суда бәрі де айнадағы сияқты көрінеді ғой;
• Біздің зұлым түріміз өзге адамдарды ғана емес, өзімізді де шошытары анық;
• Өзгеге таяқ көтеру арқылы біз өзімізге таяқ көтереміз, өзгеге күлкі сыйлау арқылы біз өзімізге күлкі сыйлаймыз.
5. «Атомдар мен молекулалар» ойыны
Қатысушылар бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүреді. Белгі бойынша олар саны жағынан әртүрлі топтарға бірігулері керек. Әуелі 3-тен, сосын қайта тарайды да, кейін 4,5, 6-дан және т. с.с. бірігеді.
Работа в группах
6. Толерантты тұлғаға тән қасиеттер
Қатысушылар үш топқа бөлініп толерантты тұлғаға тән қасиеттерді және интолерантты тұлғаға тән қасиеттердің тізімін жасады. Бұдан кейін «Сыйқырлы сөре» жаттығуы өткізіліп қатысушылар өзіне қажет қасиетті айтып оның орнына өзінде артық қасиетті берді.
7. Ситуациялық сұрақтар
Ал қазір біз кейбір жағдайлардан шығудың жолдарын іздейміз. Психолог жағдайлары бар сұрақтар береді, балалар оны оқып, сұрақтарға жауап береді: Түрлі жағдайларда сендер өздеріңді қалай ұстайтын едіңдер.
Жағдайлар.
1. Сыныпқа жаңа оқушы келеді. Алғашқы екі күннің өзінде ақ ол үш «2» алып үлгереді. Балалардың кейбіреуі оны «дымбілмес, онымен дос болмаймыз» дейді!» Сен не істейсің?
2. Сенің сыныптас досың демалыс күндерге сенен дәптеріңді алды да, оны былғап тастады. Мұғалім дүйсенбі күні дәптер тексермек болды. Оқиғаның ары қарайғы желісін елестетіп көріңдер. Сен өзіңді қалай ұстайсың? Сенің досың? Мұғалім?
3. Сенің ата-анаң саған бір баламен араласуға тыйым салды, өйткені оның отбасы кедей тұратын. Сен өзіңнің досыңды қорғап бірдеңе айтасың ба, әлде ата-анаңның пікірімен келісесің бе?
4. Бір сыныптасың сенің бір ойыныңды (кітабыңды) уақытша алды да, бір ай бойы қайтармай жүріп алды. Оған бұл жайлы ескерту қажет пе, әлде үндемей қойған дұрыс па?
8. «Бес қайырымды сөз» жаттығуы
Қатысушылар өздеріне берілген қағаз бетіне бес саусағын бастырады да, ортасына өз аттарын жазады. Сосын оны әр топ өз ішінде оң жаққа қарай жылжытады. Алдына келген қағазға әркім оның иесіне арнап бір қайырымды сөз жазады. Сөйтіп ойын қағаз өз иесіне келгенше жалғасады. Қалаулары бойынша жазылған сөздерді оқуға болады.
9. «Мен өзімді ... үшін жақсы көремін» жаттығуы.
Әр топтан қалаған оқушылар тұрып өзін енүшін жақсы көретіні туралы айтады.
10. Кері байланыс.

Категория: Мероприятия и праздники

 

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" суреттер байқауы

Автор: admin от 19-04-2017, 06:20, посмотрело: 1163

1 «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты суреттер байқауы .
6-10 сыныптар оқушылары арасында өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. М. Таенов атындағы орта мектебінде 6-10 сынып оқушылары арасында « Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты суреттер байқауы өткізілді. 12 оқушы қатысты.1- орынға 6- сынып оқушысы Қалижаров Алижан, 2-орынға Көкенов Еламан,
3- орынға Дидарқызы Балжан ие болып, мақтау қағазымен марапатталды

Категория: Мероприятия и праздники

 

Қош келдің, Әз наурыз

Автор: admin от 19-04-2017, 06:11, посмотрело: 580

0 «Қош келдің, Әз наурыз»
М. Таенов атындағы орта мектебінде «Қош келдің, әз наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік шараға 1-10 сынып оқушылары, мұғалімдер, ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Мектептің спорт залына қазақтың киіз үй құрылып, қазақтың ою-өрнектерімен безендірілді.
10- сынып жетекшісі А.М. Мадыбаев ата-аналарды ұйымдастырып белсенділік көрсетті.
10- сынып оқушылары және « жас ұлан» балалар ұйымы белсене қатысып, мектептің спорт залын гүлдермен,шарлармен әшекейледі. Мектеп оқушылары би билеп, ән шырқады.Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Наурыз көже жасалып, дастархан жайылды.Ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп рахметтерін айтты.

Категория: Мероприятия и праздники

 

Мамандығым - мақтанышым

Автор: admin от 19-04-2017, 06:08, посмотрело: 821

10 МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!

М. Таенов атындағы орта мектебінде 5-10 сынып оқушылары арасында «МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты КТК ойыны өткізілді.
Мақсаты оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылар екі командаға бөлініп, өздеріне алдын-ала берілген сұрақтарға жауап беріп,өз өнерлерін көрсетіп белсене қатысты.
Әділқазыалқалар әділ шешім шығарып «Суретшілер» командасына «Білімді» номинациясы бойынша , « Әскери» командасына Өнерлі» номинациясы бойынша арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде - кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, Ж. Аймауытов айтқандай, “Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік!” деген екен.
Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.

Категория: Мероприятия и праздники

 
 

Құстар күні

Автор: admin от 19-04-2017, 01:26, посмотрело: 627

1

Көктемді қондырып қанатына

Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Халқымыз ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз. Құстар күніне орай

М. Таенов атындағы орта мектебінде «Көктемді қондырып қанатына» құстар күніне орай атты іс –шара өткізілдіШараға 1-10 сынып мектеп оқушылары қатысты. . Құстар күні мектепте жыл сайын өткізіліп отырады.Биология пәнінің мұғалімі М.З Мадыбаева құстар туралы оқушыларға мағлумат беріп, құстарға байланысты

мақал-мәтелдер,жұмбақтар жасырып,жұмбақтың жауабын оқушылар үш тілде айтты.Құстарға байланысты слайд көрсетілді.Мектеп кітапханашысы А.С. Жолдыбаева оқушыларға « Біз құстарды қорғаймыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. " Жас ұлан" балалар ұйымы «Құстар -біздің досымыз» қабырға газетін шығарды. Мектеп тәлімгері А.Б. Айтказинова оқушыларға құстарға арнайы ұя жасатып, ағаш басына ұяны ілді. Мақсатымыз оқушыларды құстарды аялауға, қамқор болуға бейімдеу.Әлем құстарын таныстыру.Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Туған жерін, орманын,көлін, табиғатын сүюге баулу.Көктемнің жаршысы, табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер бесігі.Құстар- біздің қанатты достарымыз.Біз оларға үнемі қамқор болуды ұмытпайық.

Категория: ---